Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары, продюсер Мөлдір Мұқанова қонақ күту және қонаққа бару туралы пі...
Қазақстан ажырасу көрсеткіші бойынша әлемде екінші орында тұрғаны рас па?
Фотосурет: qarmaqshy-tany.kz
518
Статистика бюросы Қазақстан ажырасу бойынша әлемде екінші орында деген ақпаратты жоққа шығарды, хабарлады, madeniportal.kz
Бұл шындыққа жанаспайтын жалған деректің негізгі көзі worldpopulationreview.com сайтындағы мақала болған.
«Бюро мақала авторларына әлемдік ресурста қате берілген деректер бойынша хат жолдады. Сондай-ақ Бюро ресми дереккөздерге сілтеме жасауды және таратылатын деректерді алдын ала тексеріп отыруды ескертеді», делінген Статистика бюросы таратқан хабарламада.
Айта кетейік, Статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың қорытындысы бойынша ажырасу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2,27 құрады. 2020, 2021 жылдармен салыстырғанда коэффициенттің төмендеуі байқалады – тиісінше 2,56 және 2,54.