"Чемпион болмаса асфальт салынбай ма": Сметов тұратын көшенің видеосы желіде қызу талқыға түсті

Скриншот: instagram.com/islambek.dastan

Спорт
176

Желіде дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов тұратын көшеге жаңа асфальт төселгені түсірілген видео тарады. Желіде қызу талқыға түскен видеоға қатысты Жамбыл облысы әкімдігінің өкілі пікір білдіріп, асфальт кімнің қаражаты есебінен салынғанын айтты. 

Елдос Сметов тұратын көшеге жаңа асфальт төселгені бейнеленген видеоны журналист, Жамбыл облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Исламбек Дастан Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. "Елдос Сметовтың үйіне баратын жолға асфальт төселді. Мақтану емес", - деп жазды журналист. Бұл жазбаға желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды. "Чемпион болмаса асфальт салынбай ма?", "Әр ауылдан чемпион шықса жолдарымыз қатып кетеді", "Елдос Сметовті қалай күтіп алса да жарасады", "Өз еліңе туыңды тік! Өз қолымен асфальт төсемесе де, еңбегімен, абыройымен жасады", "Сметовпен көрші тұрған да бақыт екен ғой", "Жамбылдан чемпиондар шыға берсін, көшелер жөнделе берсін деп тілейік," - деп жазып жатыр оқырмандар. 

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Жанғазы Ахмет асфальтты кімдер төсегенін айтты. 

“Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қарой ауылдық округіне қарасты Сұлутөр ауылындағы Т.Жайынбаев көшесінің жолын жөндеу жұмыстары демеушілердің тарапынан жүргізілді. Бұл Елдос Сметов тұратын көше, бірақ демеушілер тарапынан жасалды", - деді Жанғазы Ахмет.

Жаңалықтар

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Мамыраев ауылына қарасты Сартау қыстағында бірден 14 бұзау қы...

Жаңалықтар

Астана әкімдігі Қазақстандағы негізгі футбол стадионы "Астана Аренада" жөндеу жұмыстары қашан аяқтал...