Мәжіліс депутаты Әбиба Әбужақыноваға көлік сыйлады

Фото: коллаж: inbusiness.kz

Жаңалықтар
476

Париж Олимпиадасында дзюдодан әйелдер арасында 48 келі салмақта ел намысын қорғаған Әбиба Әбужақыноваға КIA көлігі сыйға берілді, деп хабарлайды madeniportal.kz

Темір тұлпардың табысталған сәтін мәжіліс депутаты Айдарбек Ходжаназаров өз парақшасында жүктеді.

"Көп сөздің қажеті жоқ деп ойлаймын", - деп жазды депутат.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Айдарбек Ходжаназаров Олимпиадада жеңіліп қалған Әбиба Әбужақыноваға сыйақы беретінін айтқан болатын.

"Түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Оған себеп – Әбиба қарындасымның көз жасы. Бұл намыстың көз жасы. Бұл – тектіліктің белгісі. Бұл – үлкен тәрбиенің үлгісі! Қысқасы, Әбиба қызымызға өз атымнан арнайы сыйақы беремін. Парижде Қазақстанның абыройын қорғаймын деп барын салды. Жарақат алса да қайтқан жоқ. Осындай еңбекті бағалау керек. Осындай патриоттықты насихаттау керек", - деп жазған еді Ходжаназаров.

Жаңалықтар

Алматы қаласының қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық сотында атышулы іс бойынша...

Жаңалықтар

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Алматыда екі оқушы қыз биік үйден құлап өлген еді. Марқұм балала...