Астанада бір отбасының төрт мүшесі суға батып кетті

Ашық дереккөзден алынған

Жаңалықтар
524

Елорданың су қоймасында бір отбасыдан төрт адам суға батып кетті, деп хабарлады madeniportal.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, қайғылы оқиға Аршалы ауданы, Арнасай ауылынан 2 шақырым жерде болған.

"Оқиға куәгерлері 1980 жылы туған әйел мен 2001 жылы туған қыздың мәйіттерін тапты. 1977 және 2000 жылы туған екі ер адамның денесін іздестіру жұмыстарын Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен Астана құтқарушылары жүргізіп жатыр", - делінген ведомство хабарламасында.

Оқиғаның суға түсуге тыйым салынған жерде болғаны айтылды. Облыстың төтенше жағдайлар қызметі азаматтарды судағы қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Жаңалықтар

2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша елорда аумағында 4100-ден астам интернет-алаяқтық дерегі т...

Спорт

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Ұлан Қонысбаев Euro-football.ru сайтына берген с...