Сәтбаевта көлік қағып кеткен 13 жастағы қыз көз жұмды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1022

Сәтбаев қаласында жеңіл көлік жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 13 жастағы қызды қағып кетті. Қыз бала алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлады Мadeniportal.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 16 маусым күні тіркелді. Жол-көлік оқиғасына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Облыстық полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу облыстық полиция басшылығының бақылауында», — делінген хабарламада.

Тексеру кезінде оқиға орнында жаяу жүргіншілер өткеліне арналған жол белгілері мен сызықтарының болмағаны анықталған. Осы себепті Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, бұған дейін жергілікті атқарушы органдарға жолға жаяу жүргіншілер жолағын сызу туралы ескерту жасалған.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...