Ninety one әншісі топтың неліктен сахнадан көрінбей кеткенін айтты

Фото: Видеодан алынған кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2405

Қазақстандық танымал Ninety one тобының әншісі Азамат Ашмақын топтың неліктен сахнадан көрінбей кеткенін айтты. Бұл туралы ол "Қызық Times" бағдарламасында берген сұқбатында айтты, деп жазады madeniportal.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Асе лақап атымен танылған Азамат Ашмақын бағдарлама барысында топтың неліктен сахнадан алыстап кеткенін түсіндірді. "Осыдан бірнеше уақыт бұрын әркім өз қалағанымен айналысады деп демалыс алған болатынбыз. Творчествоға оралар алдында жаңа бір күш жинап алайық деп өзімізге демалыс бергенбіз. Бізде қазір Дулат пен Батыр балалы болды. Дулаттың қызы, Батырдың ұлы бар", - деді Асе. Оның айтуынша, қазір өзі жеке шығармашылығына көңіл бөле бастаған. Алайда әнші Ninety one тобы сахнаға қашан оралатыны нақты белгісіз екенін атап өтті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып дүниеге келген шақалақты аман алып қалды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 22 жастағы ер адам жүкті көңілдесін өлтіріп, оның денесін бөлшектеп, кейбір бөліктерін по...