Алғашқы қоңырау жексенбіге сәйкес келсе де соғылады - министр

Ашық дереккөзден алынды

Білім
232

Биыл 1 қыркүйек жексенбіге сәйкес келсе де, мектептерде алғашқы қоңырау салтанатты іс-шарасы өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлады madeniportal.kz сайты  Halyq Uniтілшісіне сілтеме жасап.

1 қыркүйек Білім күні болып саналады. Осыған байланысты биыл жылдағыдай (мектептерде) алғашқы қоңырау салтанатты іс-шарасы ұйымдастырылады, - деді министр Үкіметтің баспасөз орталығында.

Айта кетейік, бұған дейін министр биыл тегін тамақтанатын оқушылардың саны артатынын айтқан еді. Ведомство тегін тамақтанатын оқушылардың санын 100 мыңға ұлғайтып, 1,7 млн-ға жеткізуді жоспарлап отыр. 

Жаңалықтар

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Мамыраев ауылына қарасты Сартау қыстағында бірден 14 бұзау қы...

Жаңалықтар

Астана әкімдігі Қазақстандағы негізгі футбол стадионы "Астана Аренада" жөндеу жұмыстары қашан аяқтал...