География кітабындағы картада Қазақстан аймағы дұрыс көрсетілмеген

Фото: ulysmedia.kz

Білім
135

Әлеуметтік желіде 7-сыныпқа арналған география пәніндегі картада Қазақстан аймағының дұрыс көрсетілмегені туралы видео таралып жатыр, деп хабарлайды madeniportal.kz

Ұлым 7-сыныптың кітаптарын алып келді. Мен логист ретінде бірден география пәніне қызықтым. Алайда 2017 жылы шығарылған кітаптың 148-бетінде Қазақстанды Орталық Азия емес, Ресей-Еуразия аймағы деп көрсетілген. Біздің балаларды шатастырып отыр, - дейді видеоның авторы.

Желі қолданушылары видео авторы Андрей Филатовтың патриоттығына ризашылықтарын білдіріп, тиісті министрліктің жауап беру керектігін жазып жатыр.

Жаңалықтар

Алматы қаласының қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық сотында атышулы іс бойынша...

Жаңалықтар

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Алматыда екі оқушы қыз биік үйден құлап өлген еді. Марқұм балала...