"21 мыңнан астам өтініш қабылданды". Тамыз айындағы ҰБТ қай уақытқа дейін жалғасады

Фото: kazlenta.kz

Білім
291

Елімізде тамыздағы ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысуға 21 мыңнан астам өтініш қабылданды, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

«15 тамызға дейін жалғасатын ҰБТ басталды. Тестілеуге қатысуға 21 мыңнан астам өтініш қабылданды. ҰБТ тапсырғандардың 66%-ға жуығы қазақ тілінде, 34%-ы орыс тілінде, 69 адам ағылшын тілінде тест тапсыруға ниет білдірді» делінген хабарламада. 

ҰБТ-ның бірінші күні 5,7 мың адам емтихан тапсыратыны хабарланды. 

«ҰБТ-2024 нәтижелері бойынша шекті балл жинай алмайтын, бейіндік пәндер сәйкес келмейтін, ҰБТ нәтижелері жойылған талапкерлерге шартты түрде ақылы негізде жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік беріледі. Одан кейін олар 2025 жылғы қаңтар, наурыз, негізгі, тамызда ҰБТ-ға қатысып, университетте оқуын жалғастыру үшін қажетті шекті балл жинай алады» делінген хабарламада. 

Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама жариялады, деп хабарлады madeniportal.kz. Ресми хабарламада 20...

Шоу-бизнес

Жақында бостандыққа шыққан Мұрат Әбділдә абақтыда жатып 100-ге жуық ән жазғанын айтты, деп хабарлады...