«Ertis Cinema» халықаралық кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

КИНО
456

Павлодар облысында «Ertis cinema» І халықаралық кинофестивалі мәресіне жетті. Үш күнге созылған мәдени шара 21 мемлекеттен келген жас режиссерлердің басын қосып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. 

Қысқаметражды және деректі фильмдер фестиваліне бас-аяғы 207 туынды тапсырылған. Соңында ауқымды шараның қысқа тізіміне 68 шығарма ілікті. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған кімдер? 

Фестивальде бақ сынағандардың басым бөлігі кино саласына енді аяқ басқан жастар. Ресейлік Владимир Кветной бірнеше туындының авторы. Мәскеудегі сценарийстер мен режиссерлер жоғары мектебінің студенті «Тілектер генераторы» шығармасын ұсынған.

Владимир Кветной, кинорежиссер /Ресей/: - Шыны керек, мықты бәсекелесік болады деп ойламаппын. Бір терінің пұшпағын илеген жас режиссерлер үшін бұл аса маңызды. Көрсетілімдер барысында қазақ режиссерлерінің туындылары ұнады. Қазақ киноларының өзіндік мінезі, ерекшелігі бар. Киносүйер қауым үшін фестиваль нағыз мәдени мейрамға арналды. Байқауға тапсырылған 100-ге жуық туынды жергілікті кинотетрларда тегін көрсетілді. Жас авторлардың еңбегін көрермендер ғана емес, қазылар алқасы да бағалады. Жастар киномайталмандардың шеберлік сағаттарына қатысып, тәжірибе алмасты.

Владимир Хотиненко, РФ Халық әртісі, қазылар алқасының мүшесі: - Фестиваль бір жылдық болмауы керек. Алғашқысы табысты өтті деугеи негіз бар. Идеясы, мақсаты айқын. Ол жас режиссерлерге өсуге мүмкіндік беру, керек болса, қолдау көрсету. Кәсіби жағынан өсуге барынша қамқор болу. Қатысушылардың жұмыстары көңілімнен шықты. 

Халықаралық фестивальдің «Үздік деректі фильм» және «Үздік ойын фильмі» аталымдары бойынша бас жүлдеге қазақстандық режиссерлер ие болды. Қазақ ұлттық өнер факультетінің студенті Шұғыла Сержанның «Самал» картинасы үздік деп танылды.

Шұғыла Сержан, «Үздік ойын фильмі» аталымының гран при иегері: – Қатты қуаныштымын. Мен Павлодарға бірінші рет келдім, өте әдемі қала. Фестиваль өте жақсы өтті деп оайлаймын. Әр жерден фильмдер келді, көп мемлекеттерден. Бәрі өте мықты фильмдер. Солардың ішінен алып отырғаныма өте қуаныштымын. 

Шетелден ат терлетіп келген жастар да құр алақан емес. «Тәжікфильм» киностудиясының режиссері Файзолло Файзовтың «Такси» фильмі балаларды ұрлау мәселесін қаузайды. 

Файзолло Файзов, «Үздік ойын фильмі» аталымының иегері: – Қазақ киносымен жақын танысқаныма қуаныштымын. Бұл фестивальді киносаласындағы маңызды қадамым деп білемін. Осы шараның арқасында әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас режиссерлер әріптестік орнату мүмкіндігіне ие болды. Қуаныштымын. 

Ертіс-Баян өңірі - қазақтың атақты режиссері әрі әртісі Шәкен Аймановтың отаны. Сол себепті халықаралық кинофестивальдің Павлодарда өтуі заңды құбылыс. Шараға қатысқан қауым осы тектес байқау жиі ұйымдастырылса деген ниетпен тарқасты. 

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Марат Игіліков

www.24.kz

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...