Қазақтың біртуар перзенті, ағартушы-этнограф, тарихшы, шығыстанушы, фольклоршы, географ ғалымы Шоқан...
Елорда төрінде III Халықаралық «Томирис» студенттік фестивалі өтті
2022 жылғы сәуірдің 26-28 күндері аралығында Қазақ ұлттық өнер университетінде III халықаралық «Томирис» студенттік кинофестивалі өтті. Фестивальдің халықаралық және ұлттық байқауларына қатысқан фильмдердің жалпы саны – 53. Олардың ішінде әлемнің жеті елінен келген фильмдер бар.
Фестиваль аясында қазақстандық кинотанушылар Гүлнар Ойратқызы Әбікееваның «Казахская новая волна» және Бауыржан Рамазанұлы Нөгербектің өмірі мен шығармашылығына арналған «Кинотанушы Бауыржан Нөгербек» атты жаңа кітаптардың тұсаукесерлері өтті. Халықаралық байқаудың қазылар алқасының мүшелері қатарында Сергей Бодров (АҚШ), Андроника Мартонова (Болгария), Махмудов Мавзур (Өзбекстан), Гульбара Толомушовалардың (Қырғызстан) танымал киногерлер бар.
III халықаралық «Томирис» студенттік фестивалінің Халықаралық байқауында «Үздік көркем фильм» номинациясы бойынша Чехияның Музыкалық өнер академиясының кино және телевизия факультетінің студенті Войтех Навотныйдың «Шартты түрде мерзімінен бұрын босату» фильмі үздік атанды. Халықаралық байқаудың «Үздік деректі фильм» номинациясын Арменияның Ереван мемлекеттік театр және кино институты стденті Грант Сардарянның «Менің балалық шағым аяқталғанда» фильмі және «Үздік анимациялық фильм» номинациясын Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Айтолқын Әлменованың «Метаморфозалар» фильмдері иеленді.
Сонымен қатар, III халықаралық «Томирис» студенттік фестивалінің Ұлттық байқауының жеңімпаздары:
«Үздік фильм» номинациясы – Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Әлішер Аманбаевтың «Үмітсіздік» фильмі;
«Үздік режиссер» номинациясы – Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА студенті Рүстем Дастанұлының «Минус бес»;
«Үздік визуалдық шешім» – Қазақ ұлттық өнер университеті студенті Әйгерім Сүттібаеваның «Рамка» фильмдері жеңімпаз атанды.
Нұрсана Қанағатқызы,
174 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы