Қазақстандық миллиардер Михаил Ломтадзе "Уиком Уондерерс" клубы акциясының бақылау пакетін сатып алд...
«Трансгендер» деп айыпталған екі боксшы қыз финалға шықты
Фото: El.kz
296
Париж олимпиадасында ең қызу талқыға түскен екі боксшы қыз финалға шықты, деп хабарлайды madeniportal.kz el.kz тілшісіне сілтеме жасап.
57 келіде өнер көрсететін тайваньдық Линь Юйтин төртжылдықтың финалында бокстасады. Жартылай финалда Юйтин түркиялық қарсыласы Эсра Йылдызды 5:0 есебімен жеңді. Енді ол алтынға таласады.
Бұған дейін 66 келідегі алжирлік боксшы Иман Хелиф те финалға жолдама алған болатын.
Бұл екі боксшы да жұрттың ерекше назарына ілікті. Мұның алдында екеуі де гендерлік талаптарды бұзды деген себеппен жарыстардан шеттетілген. Өйткені екеуінің де тестостероны тым жоғары болған. Сол үшін тіпті оларға «жынысын ауыстырды» деген айып та тағылды. Дегенмен ХОК оны жоққа шығарды.