Жапон халқының икигай ілімі (өмірлік мақсатыңды айқындау), ваби-саби ұғымы (әсемдікке ұмтылу) және т...
“Өкінемін": Индира Елемес отбасылық өмірі туралы сыр шертті
Видеодан скрин
Отандық танымал әнші Индира Елемес отбасылық өмірі туралы сыр шертіп, қандай қиындықтарға тап болғанын айтты. Өнер иесі ерте тұрмысқа шығып, 18 жасында ана атанған. Индира Елемес отбасылық өмірі туралы жан сырын "Мамский әңгіме" подкастында ақтарды.
Шоу-бизнес жұлдызы ана атанғаннан кейін қандай қиындықтарға тап болғанын айтты. Әнші тұңғышына көп көңіл бөлмегені үшін өкінетінін жасырмады.
"Ол кезде оқыдым, жұмыс істедім. Одан бөлек, келін болған соң үй шаруасымен де айналыстым. Шынымды айтсам, балама көңіл бөлетін уақытым да, мүмкіндігім де болмады. Ол үшін өзімді кішкене біртүрлі сезінемін. Кей кезде тіпті өзімді жек көрем, бірақ енді не істеймін, сол кезде солай болуы керек болған ғой. Баламды асырау үшін тамағына ақша табу керек болды. Білмеймін, мен бұл жағдайды сізге айтып түсіндіре алмаймын. Бірақ кейін ұлымды саналы түрде босандым. "Мен анамын ғой" деген сезіммен ұлымды қалап, дүниеге әкелдім. Алладан сұрап алдым", - деді Индира Елемес.