Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирде  камбэк жасап, фаворитті ұтты

Сурет: ҚТФ

Спорт
726

Қазақстандық теннисші, әлемнің 427-ракеткасы, 24 жастағы Жібек Құламбаева жекелей сында Куршумлия-Баня (Сербия) ITF W75 турнирінің 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің – 306, осы жарыстың 7-ракеткасы, канадалық Карсон Брэнстинмен кездесті.

Матчты канадалық спортшы сәтті бастады. Есеп – 6:3. Бұдан кейін Жібек ойын тізгінін қолына алып, камбэк жасай білді.Есеп – 6:1, 6:3. 

Тартысты өткен бәсеке 1 сағат 51 минутқа созылды. 

Жібек Құламбаева ширек финалға шығу үшін әлемнің 351-ракеткасы, тағы бір канадалық Виктория Мбоко немесе рейтингіде 431-сатыдағы франциялық Сара Цакаревичтің қай жеңгенімен ойнайды.

Жаңалықтар

Биыл Тәуелсіздік күніне орай қатарынан үш күн демалыс беріледі, деп хабарлайды madeniportal.kz....

Жаңалықтар

2024 жылғы 23-34 қараша күндері Астана қаласынан Қазақстан Қарулы күштері авиациясының жоспарлы ұшул...