Әлеуметтік желілерде өте танымал Нұрлан имам "көзін тұмшалап, қара жамылатындарға" қатысты өз ойын а...
"Люкс қонақ үйі, Түркиядағы “ұстаздар үйі” сияқты". Түркия азаматы Қазақстан туралы ойымен бөлісті
Фото: ulysmedia.kz
Ыстамбұлдан тойға келген түрік азаматы Қазақстанның туризміне баға беріп, көңілі неге толмайтынын айтып берді. Шетел азаматы "Ауылға жол" жобасы шеңберінде бүкіл Қазақстанның ауыл-аймағын аралап жүрген Ulysmedia порталының шығармашылық тобымен кездескен. Видеоға түсірілген шағын әңгіме Тик-Ток желісінде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды madeniportal.kz ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Жолдарда проблемалар бар
– Дұрысын айтайын ба? Демалу орындары өте нашар. Әжетханалар жиіркенішті. Дұрыстау керек. Одан кейін жолдардың бір бөлігі жақсы, бір бөлігі нашар. Жолдарда біраз проблемалар бар. Бірақ жолдардың жасалып жатқанын да көрдім. Біраз үлкейту керек. Ауылдар өте көп, – дейді ол.
Хакан есімді азамат Ulysmedia порталының шығармашылық тобына Абай облысында кездесті. Қазақстанның туризміне не жетіспейді деген сұраққа да ашығын айтып жауап берді.
– Біріншіден, тамақтың түрі. Барлығы ет. Тәттілер нашар, кекс пен торт сияқты, бірақ өте нашар. Түркияда тәттінің түр-түрі көп. Көлікті жалға алу мәселесі шешілмепті. Ұзақ жерлерге көлікті бермейді. Мәселен, Алматы жарайды, бірақ мен Катонқарағай жаққа кетемін. Көлік жоқ, – дейді ол.
Хаканның туристік жерлердегі қонақүйлерге көңілі толмайды. Нашар деп баға береді.
– Алматыда люкс жерлер бар. Сыртта, ауылдарда, ұзын жолдарда қонақүйлер өте нашар. Бір қонақ үй алдық. Люкс деді, бірақ біздің Түркиядағы “ұстаздар үйі” сияқты. Біздің Түркиядағы ұстаздар үйі одан әдемі. Қонақүйлерді жақсарту керек, – дейді ол.