Алтынға бергісіз күмісті қанжылаған Нұрбек Оралбай әлі де қошеметке бөленуде

Фото: инстаграм парақшасынан

Пікір
414

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай “келесі Олимпиадада күмісті алтынға айналдырамын” деп сөз берді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Париж Олимпиадасында күміс жүлде алған Нұрбек Оралбайдың жеңісі бокстан бақ сынаған басқа спортшыларымыздың есесін алып бергенмен тең болды. Барлығымызға белгілі, Парижге Олимпиада ойындарында бақ сынауға барған боксшыларымыздан көп үміт күткен едік, бірақ тек 1 ғана медаль еншіледік. Осы орайда біраз әңгіме де, сын да айтылды. Елге оралған соң, бокстан бас бапкер ауысты. Соңғы сәтте үмітті ақтап финалда бой көрсетіп, күміс медаль алған Нұрбек Оралбай ерекше құрметке, бағалы сыйлықтарға ие болып жатыр және бұған халықтың тарапынан “әбден лайық” деген жақсы пікірлер ғана айтылуда. Чемпионға әкімдіктен, ел ағаларынан, кәсіпкерлерден қомақты сыйлықтар мен көліктер, жақын күнлері ғана 3 бөлмелі пәтер сыйланды.

Нұрбек Оралбай “Түнгі студия” бағдарламасында медальына берілген ерекше сыйлық кәсіпкер ағалары сыйлаған көлік екенін айтып өткен. Нұрлан Қоянбаевтың “Қандай ерекше сыйлық болды?” Деген сұрағына:

“Жақында ағаларым машина сыйлады. Двухсотый”, - деп қысқа әрі нақты жауап берген.

Сондай-ақ, Нұрбек Оралбай өмірде егізі Айбек екеуін шатастырып алған жағдай болып тұратынын және егізімен салмақ айырмашылығын түсіндіріп берді.

“Алыстан қарағанда екеумізді шатастырады. Жақыннан келгенде білінеді. Өйткені ол менен 15 кг-ға үлкен. Кішкентай кезімізде 2 кг ғана үлкен болатын. Тренеріміз “Екеуің бір салмақта болып қаласыңдар, сол үшін Айбек сен салмақ жина, екеуің де чемпион болғыларың келеді, бірақ екеуің де бір салмақта болсаңдар болмайды ғой 2 чемпион” деді”, - деп айтып өткен.

Жалпы, чемпионның сұхбатынан оның қаншалықты қарапайым, бауырмал, қайсар мінезді екенін байқауға болады. Мәселен, Нұрбек сұхбат барысында бірнеше рет “алтын аламыз деп барып едік, күміс бұйырды”, “келесі Олимпиадада Айбек екеуміз алтын аламыз деп сенемін”, “осы Олимпиадада чемпион болғанда демалатын ба едім? Бірақ күміс алған соң жаттығу керек, келесі Олимпиадада күмісті алтынға айналдырамын” деген ойларын айтып өткен.

Алтын үшін барын салып, алтынға бергісіз күміс медаль жеңіп алған Нұрбек Оралбайға алдағы жекпе-жектеріне сәттілік және алтынды еншілеуіне тілектеспіз!  

Жаңалықтар

Жаңа адамдар Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті деканының қызметтен босатылуын...

Жаңалықтар

Оқиға Есет батыр шағын ауданында болған. Ойын баласының аулаға жүгіріп шығып, көлік астына түскен сә...