FlyАrystan әуе компаниясы айыппұл арқалады

Сурет Кабар агентігінен алынды

Жаңалықтар
725

12 жасар қыз баланың ұшаққа жіберілмеуі оқиғасына қатысты FlyArystan басшысы Ричард Леджер кешірім сұрады, деп хабарлады madeniportal.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

«Бұл жағдай қоғамда қызу талқыға түсті және осындай оқиғаларға алдағы уақытта жол бермеу керек. Біз жедел түрде тексеруді бастап кеттік. Осы ретте, тиісті өзгерістер енгізіп, балаларға қызмет көрсету бойынша стандарттарды түзету ескерілген. Сонымен қатар Қазақстанның еңбек заңнамасында қарастырлған талаптар бойынша шара қолданамыз», - деді Р. Леджер елордада әуе көлігі тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында.

Компания басшысы осыған дейін 12 жасар балаға қатысты оқиға бойынша оның туыстарынан кешірім сұрағынан айтты.

«Бұл жағдайға қатысты тағы да кешірім сұраймын. Мұндай жағдай қайталанбауы тиіс», - деді FlyArystan басшысы. 

Келеңсіз оқиға қоғамда біраз талқыланды. Осыдан кейін FlyArystan басшысы Оралда егіздердің анасы Жазира Мусинамен кездесті. 

Қоғам

Джиу-джитсу мен грэпплингтен 11 мәрте әлем чемпионы Жібек Құлымбетоваға сүйіктісі үйленуге ұсыныс жа...

Спорт

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионатының жартылай финалына ш...