Жаңа Үкімет бекітілді: Министрлерден кім кетті, кім қалды?

ЖАҢАЛЫҚТАР
1290

Президент Тоқаев Олжас Бектенов басқаратын жаңа министрлер кабинетін тағайындады, деп хабарлайды madeniportal.kz

Роман Скляр премьер-министрдің бірінші орынбасары болды.

Ғалымжан Қойшыбаев министрлер кабинеті аппаратының басшысы болды.

Мұрат Нұртілеу, Ғалымжан Қойшыбаев, Серік Жұманғарин, Тамара Дүйсенова, Нұрлан Байбазаровтар да премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Сыртқы істер министрі – Мұрат Нұртілеу

Қорғаныс министрі – Руслан Жақсылықов

Ішкі істер министрі – Ержан Сәденов

Қаржы министрі – Мәди Тәкиев. Бұған дейін бұл қызметті Ерұлан Жамаубаев атқарды.

Мәдениет және ақпарат министрі – Аида Балаева

Ауыл шаруашылығы министрі – Айдарбек Сапаров

Әділет министрі – Азамат Есқараев

Энергетика министрі – Алмасадам Сәтқалиев

Ғылым және жоғары білім министрі – Саясат Нұрбек

Денсаулық сақтау министрі – Ақмарал Әлназарова. Ол Ажар Ғинияттің орнына келді.

Сауда және интеграция министрі – Арман Шаққалиев

Көлік министрі – Марат Қарабаев

Оқу-ағарту министрі – Ғани Бейсембаев

Төтенше жағдайлар министрі – Шыңғыс Әрінов. Сырым Шәріпханов қызметінен кетті.

Ұлттық экономика министрі – Нұрлан Байбазаров. Бұған дейін бұл лауазымды Әлібек Қуантыров атқарған еді.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі – Бағдат Мусин

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі – Светлана Жақыпова

Туризм және спорт министрі – Ермек Маржықпаев

Су ресурстары және ирригация министрі – Нұржан Нұржігітов

Өнеркісіп және құрылыс министрі – Қанат Шарлапаев

Экология және табиғи ресурстар министрі – Ерлан Нысанбаев

Қорытынды: үкіметтің  дәл қазір 26 мүшесі бар. Оның 16%-ы жаңарды. Құрылым өзгерген жоқ. Премьер-министрдің алты да орнында қалды. Үкіметтегі әйелдер саны – 16%. Генералдар қатары артты: генерал-полковник – Жақсылықов, генерал-лейтенанттар – Бектенов, Сәденов, генерал-майор – Әрінов. Генерал-майор Шәріпханов кетті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Оқиға былтыр 20 сәуірде Меркі ауылында болған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Stan.kz сайтына сілтем...

ЖАҢАЛЫҚТАР

24 сәуірге қараған түні Жетісу облысындағы тасжолда екі адамның өмірін қиған жол апаты болды, деп ха...