Жол ережесін сақтамаған жаяу жүргіншіге қанша теңге айыппұл салынады?

Фото: ernur.kz

Жаңалықтар
594

Елімізде көлік тізгінінде отырып ұялы телефон қолданғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ережеге бағынбаған жүргізуші 18 000 теңге көлемінде айыппұл төлейді, деп хабарлайды madeniportal.kz Stan.kz тілшісіне сілтеме жасап.  

Бұндай жағдай бір жыл ішінде тағы қайталанса салынатын салым мөлшері 40 мыңға жуықтайды. Дегенмен рөлде отырған азаматқа құлаққап киюге тыйым салынбайды.  

Ішкі істер министрлігі жол ережесін сақтамаған жаяу жүргіншінің де жаза арқалайтынын ескерткен. Енді жолды кез келген жерден қиып өткендер жеті мың теңгеден  37 мың теңгеге дейін айыппұл төлейді. Ал ережені тағы бұзса, сома екі есеге өседі немесе үш тәулікке қамауға алынады. 

Еске салайық, бұған дейін ішкі істер министрлігі елімізде көпқабатты үйдің ауласында көлік жууға және жөндеуге болмайтынын ескерткен еді. 

Жаңалықтар

Танымал әнші Роза Әлқожа Талғар қаласында төбелес кезінде қайтыс болған Шерзат Болаттың отбасындағы...

ТАНЫМ

Бүгін белгілі этнограф, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР мемлекеттік сыйлық иегері Ақселеу...