«Семей орманы» резерваты, сондай-ақ Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстары өрт қаупі ж...
Заң саласындағы қазақ тілінде шыққан алғашқы монография
Maqsut Narikbayev University қоғамдық кітапханасында (Public Library) жақында жарыққа шыққан Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы, Teaching Professor Maqsut Narikbayev University – Жетібаев Жандос Көпжасарұлының «Электрондық мәмілелер және электрондық дәлелдемелер» атты монографиялық еңбегінің презентациясы өтеді.
Бұл монографиялық жұмыс – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілде жазылған алғашқы ілгері ізденіс. Электрондық мәмілелердің және электрондық дәлелдемелердің құқықтық реттелуіне қатысты көкейкесті сауалдар талданып, бұл жұмыстың нәтижесі отандық заңнаманы кемелдендіру жолында азаматтық құқықтық доктринаның дамуына ықпал етеді.
Еңбек «Құқықтану» мамандығының студенттеріне, зерттеуші мамандарға, оқытушыларға және де осы салаға қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналған.
Тіркеу сілтемесі: forms.gle/eFT7rzKw2oPGLwRWA
Өткізу күні мен уақыты: 3 мамыр 2023 ж., сағат 13:00
Өту орны: Астана қаласы, Корғалжын тас жолы, 8, MNU (КАЗГЮУ), Public Library, 2 қабат.