Жетісу облысында жол апатының салдарынан 16 көлік жанып кетті

Фото: видеодан скриншот

Жаңалықтар
175

23 тамызда "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автожолының 278 -шақырымында жол апатынан 16 көлік жанып кетті, деп хабарлайды madeniportal.kz

Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты кешкі 18:15 шамасында болған. Екі жүк көлігі соғылып, 16 көлік өртеніп кетті. Оның 14-і жүк көліктеріне тиелген жеңіл автокөліктер болған.

"Бірінші автокөліктің жүргізушісі аман, екінші автокөлік жүргізушісінің тағдыры белгісіз. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері өрт сөндіріп жатыр. Оқиға себебі анықталып жатыр", – деді Жетісу облыстық ПД ЖПҚБ бастығы Қайсар Мухметов.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл соңғы үш күнде адам өлімімен аяқталған 4-жол көлік оқиғасы. 

Жаңалықтар

Алматы қаласының қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық сотында атышулы іс бойынша...

Жаңалықтар

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Алматыда екі оқушы қыз биік үйден құлап өлген еді. Марқұм балала...