Маскадағы жігіт мешіт ашқанын жариялады

Фото: видеодан скрин

Жаңалықтар
421

"Маскадағы жігіт" бүркеншік атымен танымал анонимді қайырымдылық жасаушы тағы да көпшіліктің назарын аударды. Бұрын бұл жұмбақ азамат мұқтаж адамдарға пәтер мен ақша беру арқылы үнемі көмек көрсетіп отыратын. Алайда, бұл жолы оның назары рухани бастамаға — мешіт ашуға ауыпты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

"Маскадағы жігіт" бейнебаянында мешіттің ашылғанын жариялап, бұл оқиға "Алла Тағаланың қалауымен" болғанын атап өтті. Кадрда ол ұлттық костюмдер киген ұл мен қызды қолында ұстап тұрғанын көруге болады. 

Мешіттің нақты орналасқан жері ашып айтылмаған, бірақ бейнеде көрсетілген пейзаж оның ауылдық жерлерде салынғанын көрсетеді. Бұл, бәлкім, анонимді меценаттың осындай нысандарға қол жетімділігі шектеулі аймақтардың дамуына үлес қосқысы келетіндігінің бір көрінісі болса керек.

Маска тағып, кім екен жасырып, қайырымдылық жасап жүрген азамат өзінің шағын бизнесі бар екенін айтты. Ол одан түскен кірісті шотқа салады. 

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілердің жұлдызына айналған Бишімбаев ісі бойынша прокурор Айжан Аймағанова әйелдің құқ...

Жаңалықтар

Қыркүйек айының басында әлімжеттік салдарынан тағы бір оқушы көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz.&nb...