"Ақиқат орнайтынына сенімдімін". Жаңқош Тұраров тағы да мәлімдеме жасады

Фото: aikyn.kz

Жаңалықтар
419

Боксшы Жаңқош Тұраров өзіне қатысты тағылған "зорлық жасады" деген айыпқа жауап берді, деп хабарлайды madeniportal.kz

Спортшының адвокаты журналистерге арнап баспасөз конференциясын өткізбекші.

Бұл туралы Жаңқош Тұраровтың өзі айтты.

Ассалаумағалейкүм, ағайын, қалайсыздар? Маған қатысты сұхбат беріп жатқан адамның лайлы әңгімелері мүлдем қызық емес. Менің өмірлік ұстанымдарым, мақсаттарым мүлде басқа. Ақиқат орнайтынына сенімдімін. Соған байланысты менің заңды адвокатым баспасөз конференциясын өткізетін болып шешті, - деді боксшы. 

Еске салайық, 21 тамызда Жанқош Тұраров "қыз зорлады" деген ақпарат тараған болатын. Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалғанын хабарлаған еді.

Кейінірек боксшының өзі тараған ақпаратқа қатысты жауап берді.

Ал кеше "Боксшы Жанқош Тұраров зорлады" деп айып таққан қыз тілшілерге сұхбат берді. Оның сөзінше, спортшы бірнеше жыл бойы "әйелім етіп аламын" деп алдап келген. Бойжеткен "соңғы кездесу зорлықпен аяқталды" дейді. Жәбірленуші денесіндегі көгерген жарақаттарына дейін көрсеткен. 

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...

Жаңалықтар

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жуырда ғана қайырымдылыққа аударған қазақстандықтардың қаржысын жымқы...