Алтынай Жорабаеваға күйеуі төрт бөлмелі пәтер сыйлады

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
981

Белгілі әнші Алтынай Жорабаева күнделікті және сахналық киімдерін сақтау үшін күйеуі арнайы төрт бөлмелі пәтер сатып әпергенін айтты, деп хабарлады madeniportal.kz.

Бұл туралы әнші өзінің Instagram желісінде жариялады.

«Көршінің пәтерін сатып алғанбыз ғой. Енді ол пәтерде асхана да, ештеңе болмайды. Көбіне менің киімдерім, гардероб болады деп отырмыз. Төрт бөлмелі, 180 шаршы метрді құрайды. Біздің жеке жатын бөлмеміз де сонда болады», - деді Алтынай Жорабаева. 

Әнші оқырмандарына жаңа пәтерінің ішін көрсетіп, видео салды. Ішінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр екен.

«Біткен соң перделерін іліп, сіздерге толық көрсетемін», - деді Алтынай Жорабаева.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...