Блогер атақты әуе компанияны сотқа берді

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
456

Блогер Алмас Тоқабаев Air Astana әуе компаниясын сотқа берді, деп хабарлады madeniportal.kz .

«Сонымен шешінген судан тайынбас деп «ерке бала - Air Astana-мен» соттасуға кірістім. Өткендегі посттан соң заңгер хабарласты. Абзал Құспан аға “Adilzanger” заңгерлер палатасының мүшесі, адвокат Асқар Керім мырзаны ұсынды. Мен қуана келісіп, заңды өкіл қылып алдым. Сонымен іске кірістік. Заң бойынша сотқа дейінгі талап жазылуы тиіс екен. Жазылды. Бүгін жіберілді. Жауабы 7 қыркүйекке дейін берілуі керек. Скриндеп, әдейі салып отырмын. Сақтап алыңдар, болашақта өздерің жазсаңдар да образец болады», - деп жазды блогер Instagram желісінде.

Сондай-ақ ол өз жазбасын бөлісуді сұрап, көпшілікті өз құқығын қорғауға үгіттеген.

«Бөлісіңдер, көпшілік өз құқығын білсін. Енді талапқа жауап берілмесе һәм орындаудан бас тартса сотқа жүгінетін боламыз. Іс сотқа кетсе ашық өтуін және БАҚ өкілдері мен инфлюнсерлер қатысуын талап етеміз. Егер талап орындалса Асқар мырза дәл мендей жапа шеккен әр жолаушының құқығын қорғауға дайын екенін айтады. Жаппай арыз бен заңды жаза ғана Air Astana-ны тәртіпке үйретер. Бұл да бір қоғамға пайдалы іс болсын», - деді Алмас Тоқабаев.

Белгілі болғандай, блогер аталмыш әуе компанияның жауапсыздығынан бұған дейін де жапа шегіп шетелге сапарынан қалып қоя жаздағын жазған еді. Қазақстандық компаниядан әуе билетінің толық құнын қайтаруды талап етіп отыр.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...