Түркияда қазақстандық футболшыға «іздеу» салынды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Спорт
132

Besiktas Sports Twitter-аккаунты Қазақстан футбол құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновтың "Бешикташ" командасындағы ойыны жайлы түсініктеме берді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Жаңа маусымда Бахтиер Зайнутдинов "Бешикташ" командасы үшін бірде-бір ойынға қатысқан жоқ. Маусымаралық кезеңде қазақстандық жарақат алып соған байланысты ойындардың көп бөлігін өткізіп алды.

"Бақтияр Зайнутдинов жоғалып кетті, іздеу салынады. 

Ол жиындарда болған жоқ.

Ол жолдастық кездесулерге қатысқан жоқ.

Жаттығуда жоқ.

Ойында команданың ресми құрамаларында жоқ.

"Бешикташтан" ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. 

Ол қайда? "Бешикташтың" ойыншысы ма?",- деп жазады Besiktas Sports Twitter-аккаунтында.

Өткен маусымда қазақстандық футболшы "Бешикташ" командасында барлық турнирлерде 37 ойын өткізіп, бір гол соқты. Зайнутдиновтың Стамбул клубымен келісімшарты 2027 жылдың 30 маусымында аяқталады..

Жаңалықтар

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Мамыраев ауылына қарасты Сартау қыстағында бірден 14 бұзау қы...

Жаңалықтар

Астана әкімдігі Қазақстандағы негізгі футбол стадионы "Астана Аренада" жөндеу жұмыстары қашан аяқтал...