«Автобус жүргізушісі 93 күн бойы демалмаған»: Ақтөбеде жол апаты болды (ВИДЕО)

Сурет: ortalyq.kz

Оқиға
139

Жолаушылар автобусы Ақтөбе маңында жүк көлігімен соқтығысқан, зардап шеккендер бар, деп хабарлады madeniportal.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Жол көлік оқиғасы болған жерде түсірілген видео әлеуметтік желіде тараған. Кадрлардан бір-бірімен соқтығысқан автобус пен жүк көлігін көруге болады.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, автобус жүргізушісі 93 күн бойы демалмастан жұмысын жалғастырып келген», - делінген aktobe_zello Instagram-да жарияланған бейненің сипаттамасында.

Полицияның хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан автобус жүргізушісі мен бір жолаушы Ақтөбе медициналық мекемесіне жеткізілген. 

Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын ҚР Жол ережелерін сақтауға шақырады.

Жаңалықтар

Алматы қаласының қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық сотында атышулы іс бойынша...

Жаңалықтар

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Алматыда екі оқушы қыз биік үйден құлап өлген еді. Марқұм балала...