Алматыда тағы да өрт: 17 қабатты тұрғын үй кешенінде өрт шықты

Оқиға
338

Алматы қаласында 17 қабатты тұрғын үй кешенінде өрт шықты. Өрт шарпыған жердің жалпы аумағы – 40 шаршы метр. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды сөндірді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

ТЖМ мәліметінше, қалалық ТЖД күштері мен құралдары 6 наурыз күні сағат 22.44-те Бостандық ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде өрттің жоғары дәрежедегі шақыртуы бойынша жұмылдырылған.

Төтеншеліктер 7-ші қабатта орналасқан пәтерде үй заттарының жанып жатқанын анықтаған. Баспалдақтардың тұтануы байқалған. 

Тұрғындардың кейбірі өздері сыртқа шығып үлгерген. Ал іште қалғандарын құтқарушылар өрт сөндіру техникасының автосатысы арқылы эвакуациялады.

Өрт сағат 23:08-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама жариялады, деп хабарлады madeniportal.kz. Ресми хабарламада 20...

Шоу-бизнес

Жақында бостандыққа шыққан Мұрат Әбділдә абақтыда жатып 100-ге жуық ән жазғанын айтты, деп хабарлады...