Ақмола облысы сотының ғимараты өртенді

Оқиға
529

Кеше Көкшетау қаласында орналасқан Ақмола облыстық сотының ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, өрт сағат 19:55-те болған.

Бүгін сағат 19.55-те Көкшетауда Н. Назарбаев даңғылында орналасқан әкімшілік ғимараттың 40 шаршы метр алаңында өрт болды. Ақмола облысы ТЖД-ның 30 құтқарушысы мен 8 бірлік техникасы дереу шақырту орнына аттанды, - делінген ведомство хабарламасында.

Өрт сағат 20:12-де оқшауланып, 20:30-да жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Жаңалықтар

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Мамыраев ауылына қарасты Сартау қыстағында бірден 14 бұзау қы...

Жаңалықтар

Астана әкімдігі Қазақстандағы негізгі футбол стадионы "Астана Аренада" жөндеу жұмыстары қашан аяқтал...