Тоқаевтың жаңа мобилографы таңдалды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Жаңалықтар
420

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке мобилографы қызметіне жас режиссер Рахат Дауылбаев тағайындалды, деп хабарлады madeniportal.kz Азаттық рухына сілтеме жасап.

Рахат Дауылбаев бұған дейін Бикен Римова атындағы Талдықорған театрының жарнама менеджері болып жұмыс істеген екен. Оның жаңа қызметі туралы дәл осы театр ақпарат таратты.

«Театрымыздың жарнама бойынша менеджері Рахат Дауылбаев өнер ордамыздағы қызметін аяқтап, ендігі кезекте Қазақстан Республикасының Президентінің телерадиокешенінде мемлекет басшысының мобилограф маманы ретінде қызмет етпек», - деп жазды театрдың ресми парақшасы.

Рахат Дауылбаевтың әлеуметтік желідегі парақшасында қазір 2300 оқырманы бар. Өзі Нью-Йорк академиясында білім алғанын жазған. Жүргенов атындағы Өнер академиясының түлегі. Әртүрлі форматта видео түсіріп жүрген режиссер.

Жаңалықтар

Алматы қаласының қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық сотында атышулы іс бойынша...

Жаңалықтар

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Алматыда екі оқушы қыз биік үйден құлап өлген еді. Марқұм балала...