Украина астанасы Киевте қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында поэзия оқулары...
“Ұл бала көз жұмды”: Қызылорда облысында оқушылар төбелес шығарды
Фото: freepik.com
415
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған сотталушыға қатысты іс қаралды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, Белкөл кенті орта мектебінің оқушылары өзара төбелес шығарған. Сотталушы О. жәбірленуші кәмелетке толмаған А.-мен жанжалдасып, кеуде аймағына екі рет соққы жасаған. Салдарынан соққы алған жігіт оқиға орнында мерт болды.
Сот үкімімен кәмелетке толмаған сотталушы О. ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.