Президент құқық қорғау органдарына журналистерге қарсы бағытталған бірқатар қылмыс бойынша мұқият те...
"Сегіз сағат бойы ешкім іздемеген": 4 жасар қыз Қостанай көшесінен табылды
Сурет ашық дереккөзден алынды
391
Қостанайда кішкентай қыз 8 сағат бойы көшеде жалғыз жүрген, деп хабарлады madeniportal.kz.
27 тамыз күні түстен кейін Қостанай полициясына көшеде табылған кішкентай қыз туралы хабарлама келіп түскен. Жалғыз жүрген балаға бей-жай қарамайтын адамдар назар аударған. Олар полицияға жүгінген.
Кешке қарай ғана қыздың анасы полицияға хабарласып, оның үш кәмелетке толмаған баласы бар екенін айтқан. Қыз үлкен әпкесімен бірге серуендеп, кешке қайта оралмаған.
Отбасы ешқандай есепте тұрмайтынын айтылды, бірақ ювеналды полиция мен қорғаншылық органдары баланың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексерумен айналысады. Әзірге 4 жасар қыз бала жетімдер үйінде қалдырылған.