«Мәдениет порталының» қызметкері «Алтын жебе» бәйгесінде үздіктер қатарына ілікті

ӘДЕБИЕТ
1782

Ақтөбе қаласынан шығатын «Адырна» республикалық әдеби-көркем, көпшілік журналы жариялаған «Алтын жебе» әдеби бәйгесінің қорытындысы шығарылды. Жүлдегерлер арасында «Мәдениет порталының» шығарушы редакторы Заман Төлеуов те бар. Оның «Қызылауыздың қырғыны» атты хикаяты ынталандыру сыйлығына лайық деп танылыпты. МП ұжымы әріптесін осы жеңісімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейді!

Айта кету керек, бәйгеге бір жылдан астам мерзім ішінде 147 автордан 205 қолжазба түсті. Олардың ең таңдаулы, лайықты деп танылғандары «Адырна» журналында жарияланып келеді.

«Адырна» редакциясы түскен қолжазбаларды саралай келіп, шешім шығарды

1.Бәйгеге түскен шығармалардың деңгейін ескере келіп, екі миллион теңгелік бас жүлде ешкімге берілмейді, есесіне екі шығармаға бірінші орын (әрқайсысы бір миллион теңге) беріледі, ынталандыру сыйлықтарының саны — алтау (бұрын үшеу) болып белгіленеді.

2. «Алтын жебе» бәйгесі жыл сайын жарияланып, бұрынғы ереже бойынша өткізіліп отырады. 

3. «Алтын жебе» бәйгесінің жүлдегерлері болып мына авторлар танылды:

 Бірінші орын — 1,0 (бір) миллион теңге. 

1.Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ. «Сайтанның сайран салуы» ( поэма), «Адамзаттың ең алғашқы ақыны», «Антипоэзия» (поэтикалық эсселер). Қарағанды.

2.Мақсат МӘЛІК. «Аспалы керует», «Барсик» (әңгімелер). Тараз.

Екінші  орын — 500 000 (бес жүз мың) теңге.

1.Жанат ӘСКЕРБЕКҚЫЗЫ. ( өлеңдер топтамасы). Астана.

2.Бекен ЫБЫРАЙЫМОВ. «Адамның мемлекетке айналуы», (сын мақала). Алматы.

Үшінші орын — 300 000 (үш жүз) мың теңге.

1.Асылбек ИХСАН. «Шәуішке шағылысқан күн сәулесі», (хикаят). Алматы.

2.Жадыра ШАМҰРАТОВА. «Бейуақта ашылған құпия», «Сарымсақ қосылған ұлу еті», (әңгімелер). Астана.

3.Мархабат БАЙҒҰТОВ. «Хұсни ханымның хроникасы», (хикаят). Шымкент.

Ынталандыру сыйлықтары — 100 000 (жүз мың) теңге.

1.Мирас АСАН, Жадыра БАЙБҰЛАНОВА. (өлеңдер топтамасы). Астана.

2. Қанағат ӘБІЛХАЙЫР. «Қайыршының миллиардер досы», (хикаят). Алматы.

3.Алмас АХМЕТБЕКҰЛЫ. «Жалғыз», (сыни мақала). Алматы.

4.Серік НҰҒЫМАН. «Қиян», (хикаят). Алматы.

5.Заман ТӨЛЕУОВ. «Қызылауыздың қарғысы», (хикаят). Алматы.

6. Айгүл КЕМЕЛБАЕВА «Тырналар», «Ханымбике» (әңгімелер). Астана.


Сыйлықтарды тапсыру рәсімі Ақтөбе қаласында қараша айында (уақытын қосымша хабарлаймыз) өткізіледі. Сыйлықтармен қоса лауреаттардың шығармаларынан құрастырылған «Алтын жебе» кітабы мен «Алтын жебе» естелік белгісі табысталады.

madeniportal.kz


Жаңалықтар

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Jibek Joly телеарнасындағы «Уәде» бағдарламасынына &nbsp...

Жаңалықтар

Павлодар облысының тұрғыны интернетте белгісіз бойжеткенмен танысып, мүлкінен айырылды,  деп ха...