"Ана тілі" газеті Бас редакторының орынбасарының "Кейінгі кезде кино саласында дау-...
Компания басқарма мүшелеріне 106.5 млн теңге сыйақы төлеген
Ашық дереккөзден
498
Азық - түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ KASE-ге атқарушы орган мүшелерінің 2023 жылға сыйақы көлемі 106 499 630,21 теңге болғанын хабарлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұған жалақы және ақшалай ынталандыру түрлері кірген.
«Тәуелсіз аудитордың 2023 жылға арналған жекелеген қаржылық аудиторлық есебінде» жалпы қызметкерлерге 471,9 млн теңге жалақы төленгені айтылған.
Азық-түлік келісім-шарт корпорациясының негізгі басқарушы қызметкерлеріне Директорлар кеңесінің 4 мүшесі және Басқарманың 6 адамы кіреді.
2023 жылғы негізгі басқарушы қызметкерлерге сыйақыға (жалақы және салықтар) келер болсақ, Директорлар кеңесінің мүшелеріне 1,225 млн теңге және Басқарма мүшелеріне 106,5 млн теңге төленді.