Халықаралық турнирден қазақстандық боксшылар 13 медаль жеңіп алды

Фото: rcsp.nso.ru

Спорт
271

Бұл Қазақстан құрамасы үшін қазан айында Черногорияда өтетін әлем чемпионатына дайындық кезеңі, деп хабарлайды madeniportal.kz

Халықаралық турнирге бірінші құраммен барған жастар командасы он үш жүлде еншіледі. 67 келіде Төрехан Сабырхан турнир жеңімпазы атанды.

57 келіде Жансері Көшербаев пен 80 келіде Мадияр Бексұлтанов финалда төрешілер шешімімен жергілікті боксшыларға жол беріп, күміс жүлдеге ие болды.

Он спортшы қола жүлдегер атанды: 51 кг. Бексұлтан Боранбек, 54 кг. Әділбек Қожахан, 54 кг. Әли Мұрат, 57 кг. Бауыржан Мұратов, 63,5 кг. Асылхан Көшербай, 63,5 кг. Ахмет Үсен, 71 кг. Өнер Сейілхан, 75 кг. Санжарәли Бегалиев, 80 кг. Дамир Синеев, 92 кг. Аслан Елдібайұлы.

Естеріңізге сала кетейік, жастар құрамасының аға бапкері қызметін атқарған Қайрат Сәтжанов тамыз айында ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне тағайындалды. Қазіргі уақытта жастарды Бағдат Оңғарбеков жаттықтыруда.

Жаңалықтар

Биыл Тәуелсіздік күніне орай қатарынан үш күн демалыс беріледі, деп хабарлайды madeniportal.kz....

Жаңалықтар

2024 жылғы 23-34 қараша күндері Астана қаласынан Қазақстан Қарулы күштері авиациясының жоспарлы ұшул...