«Ана тілі» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай Президент Жолдауына қатысты пікір білд...
Жоғарғы сот Бишімбаев пен Байжановтың ісін қарайтын болды: отырыс өтетін күн белгіленді
Фото: t.me/Jogargy_sot
Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша сот процесінің күні белгілі болды. Бұл ақпарат "Сот кабинеті" базасында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Тамыз айында Қазақстанның 9лттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі Жоғарғы сотқа келіп түскені хабарланған болатын. Қазір іс 4 қыркүйекте қаралатыны белгілі болды. Айта кету керек, 6 тамызда адвокат Ерлан Ғазымжанов Facebook-тегі парақшасында Қуандық Бишімбаевтың Жоғарғы сотқа жүгінбегенін жазған еді.
"Жоғарғы сотта маған Бишімбаев Қ. мен Байжанов Б.-ға қатысты қылмыстық істің соңғысының кассациялық шағымы бойынша келіп түскенін хабарлады. Бишімбаев Қ. мен оның адвокаттары Жоғарғы сотқа жүгінбеген", - деп жазды сол кезде заңгер.
Tengrinews.kz мәліметінше, сот Бақытжан Байжановтың шағымын қарастырады.