Садриддин АхмедовAlmaty Arena спорт кешенінде өтіп жатқан бокс кешінде Садриддин Ахмедов WBC Asia че...
Түркі академиясы танымал түрколог ғалымды марапаттады
Түрік жазуы күніне орай Халықарарылық Түркі академиясында белгілі түркітанушы ғалым, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Қаржаубай Сартқожаұлының 75 жылына арналған жиын өтті деп хабарлайды madeniportal.kz baq.kz агенттігіне сілтеме жасап.
Басқосуда Академия басшысы Дархан Қыдырәлі ғалым Қаржаубай Сартқожаұлын мерейтойымен құттықтап, түркология ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін Түркі академиясының Алтын медалімен марапаттады.
Жиында Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Елшігінің бірінші хатшысы Дамба Батсуурь, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессорлары Жантас Жақыпов, Тұрсынхан Зәкенұлы қатарлы ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Түркі жазуы күні өзіңіздің мерейтойыңызбен тұспа-тұс келуінің өзі жақсы ырым. Орхон жазуларымен тікелей айналысып, сол жазуларды экспедиция арқылы зерттеген әлемдегі санаулы ғалымның бірісіз. Көне түркі мұрасының шырақшысындай болып, нәріне еркін суысындап, құнарына ене зерттедіңіз. Моңғолияда туып, көне түркінің атажұрт топырағында өмір сүруіңіз, түркологиямен шұғылдануыңыздың өзі бақыт, түптеп келгенде ұлтымыздың ырысы деуге болады. Сіздің 2001 жылы Қазақстандағы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ келуіңіз ежелгі түркі руханиятын зерделеуге ерекше екпін берді, - деді Дархан Қыдырәлі ғалымды құттықтау сөзінде.
Ал екі ел арасындағы рухани байланысты дамытуға, халқымызға ортақ құндылықты зерттеуде, оны қазіргі жас ұрпақтың оқып-білуіне, танып-түсінуіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан ғалымға Елшілік атынан ерекше алғыс айтқымыз келеді – деді Дамба Батсуурь.
Айта кетейік түркітанушы ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы «Орхон ескерткіштерінің толық атласы» атты үш томдық кітабы жарық көрген. Режиссер Әсемғазы Капанұлының "Күлтегін" фильмінің идеясының сондай-ақ 17 монографияның, 260-тан астам ғылыми және ғылыми-танымдық мақалалардың авторы.
Фото: дерекөз