«Шымкенттің жігіттері қандай екенін көріңдер»: Заттыбек Көпбосынұлы көпшілікті таңғалдырды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
217

Танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлы әлеуметтік желіде ас үйде келіншегіне көмек берген видеосын жариялады, деп хабарлады madeniportal.kz.

Видеода өнер иесі келіншегіне манты түйіп көмектесіп жатқанын көруге болады.

«Жігіттер, әйелдеріңе көмектесіңдер!», - дейді Заттыбек Көпбосынұлы.

Желі қолданушылары болса әншінің әрекетіне риза болып, тілектерін арнап жатты. 

«Адамгершілігіңіз бір төбе, өнеріңіз бір төбе, Заттыбек аға! Бихан батырыңыз өзіңіздей ел сыйлаған азамат болсын!», «Шымкенттің жігіттері андай, мындай дегендер көріңдер, Шымкенттің жігіттері қандай екенін!», «Жалпы күйеулері, әкелері көмектеспейтін әйелдерге жақпай жатқан сияқты бұл көрініс. Ұят ештеңесі жоқ. Ұят дегенді орынды-орынсыз әр жерге тықпалай бермеңдер» дейді пікір білдірушілер.

Жаңалықтар

Алматы қаласының қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық сотында атышулы іс бойынша...

Жаңалықтар

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Алматыда екі оқушы қыз биік үйден құлап өлген еді. Марқұм балала...