“Барлығы тегін еді“. Мақпал Жүнісова қазіргі үкіметті сынады

Фото: opennews.kz

Жаңалықтар
455

Танымал әнші Мақпал Жүнісова қазір үкімет өнер адамдарына жағдай жасамайтынын айтып, жастық шағын еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші мұндай пікірді әлеуметтік желідегі парақшасында жазып қалдырған. 

“Шатаспасам, 1985 жылғы видео болуы керек" деп жазды Мақпал Жүнісова ескі видеосын жариялап. 

"Кеңес Одағы кезінде әншілер әнді тегін айтатын еді" деген пікір жазыпты. Әнші оқырманының бұл пікіріне: "Өйткені ол уақытта көйлек те, аяқ-киім де, жолың да, ішер тамағың да бәрі өкіметтен төленетін, қазір бәрін өзің төлейсің, сосын қазір бәрі 20 есе қымбаттап кеткен ғой", - деп жауап берді. 

Әншінің бұрынғы дауысы жақсы, нәзік болғаны туралы пікірге де Мақпал Жүнісованың жауабы дайын екен.

"Әншілердің 45 жыл бұрын айтқан дауысы сол нәзіктікті сақтап қала алмайды, әншілер ғана емес, кез келген адамның тембрі жасына қарай қоюлана түседі. Өзіңіздің дауысыңызды жазып алыңыз да, 40 жылдан кейін тыңдап көріңіз, қыз бен апаның дауысы бірдей болмайды ғой, дене бітімі де бір қалыпта тұрмайды, бәрі уақытша", - деп жазды әнші. 

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...