Бүгін Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталады

Сурет ашық дереккөзден алынды

Жаңалықтар
564

Бүгін Астана қаласында биылғы жылдың маңызды спорттық іс-шараның бірі 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталады, деп хабарлады madeniportal.kz.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйек аралығында 21 спорт түрінен өтеді. Оның тең жартысы - қазақтың ұлттық ойындары.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ат спорты түрлері, ұлттық күрес түрлері, садақ ату, дәстүрлі интеллектуалды ойындар, саятшылық өнер, садақ ату, жамбы ату, арқан тарту сынды ұлттық және халықтық ойындардың 20 түрінен жарыс өтеді. Бұған қоса ресми бағдарламадан тыс, ұлттық өнердің 10 түрін таныстыру мақсатында өтетін арнайы көрсетілім сайыстары белгіленген.  

«Қазанат» ипподромы мен оның маңында орналасатын «Көшпенділер әлемі» этноауылында ат жарыс, көкпар, саятшылық өнері мен садақ ату жарыстары өтеді. Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы мен «Алау» мұз айдынында» ұлттық күрес түрлері мен халық ойындары, «Думан» қонақ үй кешенінде инттелектуалдық ойындар сайысы өтеді.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция жетекшісі Наиль Нұров пен бренд-дизайн сарапшысы Серік Марксұлы.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ұраны - «ҰЛЫ ДАЛА ДҮБІРІ». 

Логотип формасы сопақшаға жақын шеңбер. Онда күнбасты салт атты бейнеленген. Бұл белгі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуші елдердің барлығында қолданылып келеді. Логотиптің жалпы пішін сұлбасы көшпенділер қолдан жасаған тұрмыстық бұйымының сәндік элементтеріне ұқсайды. Логотип қою қызыл түспен боялған. Бұл ақық тастың түсі қан мен отты, жүрек пен күнді еске салады әрі адам бойына қуат береді деген сеніммен ұшталады. Ақық таспен ежелде қамшы, белбеу іспетті бұйымдар әрленген. Ойын атауы мыңжылдықтың басында түркі руналарында қолданылған түпнұсқа шрифтпен жазылған. Логотип түсі көшпенділердің материалдық әлемінен (дүниетанымынан) алынған.

Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары – этникалық спорт түрлері бойынша өтетін халықаралық жарыс. Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының алғашқы үш жарысы Қырғыз елінің Шолпан Ата қаласында 2014, 2016 және 2018 жылдары өтті. Төртінші Дүниежүзілік ойындар 2022 жылы Түркияның Изник шаһарында ұйымдастырылды.

 

Шоу-бизнес

Танымал әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желіде марқұмды еске алып жазба арнады, деп хабарлады madeni...

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...