ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Жеке мұрағатынан

Жаңалықтар
1111

Мемлекет басшысының халыққа Жолдауы елімізде алдағы атқарылатын істер мен қабылданатын құжаттардың бағдаршамы, бастамасы іспеттес. Жолдау еліміздің даму бағытын айқындайды, экономикамыздағы кемшін тұстарды жетілдіруге, дамытуға нақты міндеттер қояды. Жолдауда көтерілген мәселелер дер уақытында орындалмақ. Сондықтан да ел болып Жолдауды, онда еліміздің дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға қатысты қандай мәселе айтылатынын асыға күтетініміз белгілі.

Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «ӘділеттіҚазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында міндеттерді айқындап, 9 нақты бағыт бойынша атқарылатын жұмыстарды межеледі. Онда еліміздің қаржылық әлеуеті, банк саласының жұмысы, инвестиция және бизнесті қолдау мәселесі, инфрақұрылым, кадрлық әлеуетті арттыру, ұлттың денсаулығы, экологиялық ахуал, мемлекетті басқару ісі, заң мен тәртіптің сақталуы сөз болды. Бір сөзбен айтқанда, ел экономикасының барлық саласындағы кезек күттірмейтін мәселелер көтерілді.

Жолдауда айтылған орта білім саласына қатысты мектептерді жөндеу жұмыстары, мұғалімнің біліктілігін арттыру, педагогикалық мамандықты таңдаушыға қойылатын талапты күшейту мәселелері еліміздің білім беру жүйесін жақсартатыны сөзсіз.

Расында, білім жүйесі мұғалімдердің білімі мен біліктілігіне тікелей байланысты. Сондықтан да қазіргі мұғалім жаһандық құзыреттіліктерді меңгерген, өз ісін сүйетін, жоғары тәжірибелі маман болуы керек. Жаһандық құзыреттіліктің бірі адамның цифрлық сауаттылығы болып саналады. Олай болса, Жолдауда айтылған халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, жасанды интеллект орталығын құру, цифрлық қауіпсіздікті меңгеру мәселелері де кезек күттірмесі анық.

Мен информатика пәнінің мұғалімі ретінде Жолдауда айтылған міндетті істің бірін атқарып жүргеніме мақтанамын. Көп жылдан бері мектепте цифрлық сауаттылық және информатика пәндерінен сабақ беріп, оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру ісіне үлесімді қосып келемін. Олардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттырып, болашақта ІТ саласының маманы болуына кішкентай болса да еңбек сіңіріп жатырмын деп санаймын.

Жасанды интеллект, ІТ саласы болашақта бұдан әрі дами түседі. Әлемде ЖИ тіршіліктің барлық саласына еніп жатқанда, еліміздің бұл бағытта дамуын қолға алу – күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Сол үшін де Президенттің келесі жылы Астанада Жасанды интеллект ұлттық орталығыніске қосу туралы тапсырмасын естіп, шын қуандым. Әрі ол орталық оқушылар мен студенттер, ғалымдар мен кәсіпкерлер үшін әрдайым ашық болса, бұл жасанды интеллект саласына халықтың қызығушылығын арттырады деп ойлаймын.

Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқан цифрлық активтер, криптобиржаны дамыту, цифрлық алаяқтардан қорғану мәселелері де тікелей осы цифрлық сауаттылыққа байланысты. Жалпы кибер қауіпсіздік, цифрлық алаяқтықпен күрес мәселесі күн тәртібінен түспеуі керек. Себебі бұл саладағы қауіп күн санап артпаса, кемімейді. Еліміздегі барлық мекемелер мен азаматтар соған қарсытұрарлық білімді болуы керек. Сол үшін де цифрлық сауаттылық қажет екенін Президентіміз баса айтты.

Жалпы цифрлық сауаттылықты арттыру, жасанды интеллект тілін меңгеру болашақта баршаның міндетіне айналмақ. Дүниежүзілік ғылым мен технологияның дамуы бізді соған әкеледі. Бүгінгі таңда әлемнің кейбір елдерінде азаматтардың, оның ішінде мұғалімдердің жасанды интеллект тілін, ақпараттық технологияларды меңгергені соншалық, оларда информатика пәні, сәйкесінше оны оқытатын мұғалімдер жоқ. Ендеше, бұл жаңалық келешекте бізге де келуі әбден мүмкін. Сондықтан да Президент Жолдауында айтылған цифрлық сауаттылықты арттыру дер кезінде қозғалған өзекті мәселе дер едім.

Жанар САДЫҚОВА,

№53 мектеп-лицейінің

информатика пәнінің мұғалімі,

Астана қаласы

Жаңалықтар

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жуырда ғана қайырымдылыққа аударған қазақстандықтардың қаржысын жымқы...

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...