Биіктігі 21 метрден асатын нысанға 4860 тонна құм жұмсалған, деп хабарлайды "Мәдениет порт...
Сәт Тоқпақбаевқа «Халық қаһарманы» атағы берілді
Сурет ашық дереккөзден алынды
422
Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі үшін мемлекет қайраткері Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаевқа «Халық қаһарманы» атағы берілді, деп хабарлады madeniportal.kz.
Сонымен қатар айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды.
Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаев 1939 жылы 7 қыркүйекте Алматы облысы Іле ауданында туған. Қазақстанның мемлекет қайраткері. Тәуелсіздік алған жылдары ҰҚК төрағасы, ҚР Президенті Күзет қызметінің басшысы, ҚР Қорғаныс министрі қызметтерін атқарған.
Парламент Мәжілісінің депутаты, Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі болған. Бұған дейін «Даңқ», «Барыс» ордендерімен марапатталған.