Жетісу облысында бүлдіршін 3 күннен бері табылмай жатыр

Сурет ашық дереккөзден алынды

Жаңалықтар
611

Жетісу облысының Көксу ауылында аутизмге шалдыққан ерекше бала жоғалып кетті, деп хабарлады madeniportal.kz stan.kz-ке сілтеме беріп.

Есік алдында ойнап жүрген үш жасар Алдияр көшеге шығып кеткен, содан бері үш күн өтті. Оны 400 адам іздеп жатыр. Қазір сүңгуірлер елдімекендегі ағысы қатты өзенді сүзуге кіріскен.

Үш жасар Алдияр – отбасындағы тоғыз баланың жетіншісі. Мінезі тұйық, ерекше бүлдіршін бауырларына қосылмай, жалғыз жүргенді ұнатады екен. 7 қыркүйекте күндіз бәрі аулада ойнап жүргенде, анасы 15 минутқа ас үйге кіріп кетіпті. Сол аралықта баласы жоғалып кеткен.

«Бүгін – үшінші күн. Не ойларымды да білмеймін. Жүрегім табылады дейді, жүрегім тып-тыныш, табылады деген сеніммен аяққа тұрмыз. Ел-жұрт қарап жатыр. Табылып қалады деген үміттемін», – деді Алдиярдың анасы Айнұр Бекжанова.

Жедел іздестіру тобы, ауыл халқы мен еріктілер әр үйдің ауласын, қорасын түгел қарап шыққан. Үйдің іргесінде ағыны қатты өзен бар. Сенбіде баланы сол маңнан көргендер де болған екен. Сондықтан Мұқаншы су айдынын сүзіп шығу үшін сүңгуірлер шақыртылған.

«Іздестіру жұмысына 400-ге жуық адам қатысты. Шұңқыр, шатырлар, дәретханалардың тесіктерін, үйдің ішін тексеру жұмыстарын жүргіздік. Одан кейін осы ауылдың жан жағындағы жабайы өскен ағаштар, жыңғыл, егістік жерлер – сол жерлерден іздедік. Судың ішінде де іздестіріп жатырмыз», – деді Жетісу облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Қайсар Мұхметов.

Жаңалықтар

2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша елорда аумағында 4100-ден астам интернет-алаяқтық дерегі т...

Спорт

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Ұлан Қонысбаев Euro-football.ru сайтына берген с...