Жамбыл облысының білім басқармасы ағайындылдардан 6 жыл бойы зорлық көрген 12 жастағы қызға қа...
Қазақстандағы колледждерде білім беру форматы өзгереді
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ведомствоның алқа мәжілісінде еліміздегі колледждердің білім беру форматын қайта қарау жоспары туралы айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.
- Колледждерді түгендеу және профильдеу жүргізіледі. Бейіндік салалық кластерлерге сәйкес жүргізіледі: оңтүстік – өнеркәсіп, HOREGA қызметтері; орталық және шығыс – құрылыс, машина жасау; солтүстік – ауыл шаруашылығы және батыс – мұнай өндіру, қызмет көрсету және т.б. Бұл академиялық және өндірістік базаларды салалық колледждерге топтастыруға мүмкіндік береді. Аз контингенттері бар ауылдық колледждерді жетекші колледждермен интеграциялау жалғасады, - деді министр.
Ғани Бейсембаев қарқынды дамып жатқан еңбек нарығы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялауды талап ететінін жеткізді.
- Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қаржыландырудың икемді моделі әзірленіп жатыр. Сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасымен интеграцияланған білім беру бағдарламаларының ұлттық портфолиосы әзірленеді", - деді Ғани Бейсембаев.