Тәжірибелі боксшымыз Назым Қызайбай (50 кг) Париж Олимпиадасының 1/8 айналымында Каролайн Барбоза де...
«Қатты ұялдым»: Елдос Сметов не үшін өкінді?
Сурет ашық дереккөзден алынды
Спортшы Елдос Сметов тіл білмегені үшін ең қатты ұялған сәтінің Олимпиадағы жеңісінен кейін болғанын атап өтті, деп хабарлады madeniportal.kz.
Бұл туралы ол «Қызық Times» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
«Олимпиадағы жеңістен кейін кешке басшылық пен Олимпиада чемпиондары бас қосқан мерекелік кешкі ас ұйымдастырылды. Барлығы құттықтауға келеді. Мен тек congratulations (құттықтаймын) деген сөзді түсінемін, барлығына thank you (рақмет) деп жауап беремін. Олар бірдеңе айтып жатты, мен тек қарап тұрдым, тіл білмегенім үшін қатты ұялдым. Мен бәрін түсінгендей кейіп танытып, алғыс айттым, бірақ олардың не айтқанын түсінбедім. Тек мені мақтап жатқанын сездім», – дейді олимпиада чемпионы Елдос Сметов.
Елдос Сметов Олимпиададан кейін ағылшын тілін үйренуді алдына мақсат етіп қойғанын атап өтті.