Биылғы оқу жылынан бастап Біртұтас тәрбие бағдарламасы енгізілді. Бағдарлама өскелең ұрпаққа адамзат...
Аймағамбетов: Сабақ уақытын 30 минутқа қысқартса, оқу процесі хаосқа айналады
Сурет: Ақорда
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов оқу прлцесін қысқартуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлады madeniportal.kz.
«Павлодар облысының басшылары сабақтарды 30 минутқа дейін қысқартуды ойлап таппағанына шүкір! Бұндай логикамен, енді жаңа мектептер салмай-ақ, төрт ауысымға көшіп, миллиардтаған қаражатты үнемдеуге болар еді. Шынын айтқанда, Павлодарда сабақтарды қысқарту көптеген сұрақтар туғызады»,-деп жазды депутат.
Оның айтуынша аймақтарда сабақтың ұзақтығын өздері шешіп, әкімдікке ыңғайлы кез келген жағдайда онлайн оқуға көшетін болса, оқу процесі мүлдем хаосқа айналады.
«Бағдарламалардың мазмұны, білім мақсаттары өзгермей қалай сабақты қысқартуға болады? Бұл білім сапасына және барлық оқушыларға сапалы білім алу үшін тең жағдай жасауға үлкен проблемалар тудыратыны анық. Қызық парадокс: бір жағынан, ел бойынша бірыңғай уақыт белдеуі енгізіліп жатыр, ал екінші жағынан — әр облыс сабақтың ұзақтығын өзі шешеді. Бірізділік қайда? Ғылымға негізделген шешім қайда?», - деп жазды ол.