Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ұлттық тестілеу орталығының әлеуметтік желілерінде 2024-20...
Алғашқы қоңырау да, соңғы қоңырау да қажет емес — Шыңғыс Мұқан
Сурет: osken-onir.kz
Белгілі баспагер Шыңғыс Мұқанның Аман есімді баласы мектеп табалдырығын аттады, деп хабарлады madeniportal.kz.
«Аманды алғашқы қоңырауға апардық. Алғашқы қоңырау біресе болады, біресе болмайды деп, мектептер де жынды болып қалған сияқты биыл. Ақыры болды. Бардық. Балалар күннің астында қақталып біраз тұрды. Содан көкелер шығып сөйледі. Мен көлеңкеге кетіп қалдым. Балаларды аяп тұрмын. Оңтүстік аймақ ыстық болса, арқа салқындап кетіпті. Видеоларда балалар күртеше киіп дірдектеп тұрды. Дәл осы қоңыраулардың алғашқысы да, соңғысы да итке де керек жоқ, балаларға тіпті керек емес», - деп жазды Шыңғыс Мұқан әлеуметтік желіде.
Оның айтуынша, бұл тоталитарлық Кеңес жүйесінің идеологиялық сарқыншағы.
«Ауру қалса да әдет қалмайды деген. Не керек осындай түкке керек жоқ рәсімділік, жалған салтанат! Балаларды күнге қақтағанды, суыққа тоңдырғанды қоятын уақыт жетті-ау, осы. Өз басым, балаларды ендігәрі қоңыраулардың алғашқысына да, соңғысына да апармаймын», - деді ол.