Боксшы Назым Қызайбай Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиаданың жартылай финалына шы...
Атыраулық кәсіпкерлер Демеу Жадыраевқа қасқыр терісінен шапан жапты
Сурет ашық дереккөзден алынды
248
Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевқа атыраулық кәсіпкерлер қасқыр терісінен жасалған шапан жапты, деп хабарлады madeniportal.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Атыраудағы Oil Capital Cup турниріне құрметті қонақ ретінде шақырылған Демеу Жадыраевқа қасқыр терісінен тігілген шапан жауып, құрмет көрсетті. Бұл туралы атыраулық кәсіпкер, әрі Атырау күрес федерациясының басшысы Арман Тұғаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті.
«Қасқыр мінезді Демеу бауырыма қасқыр терісінен шапан» – деп жазды кәсіпкер.
Сондай-ақ Демеумен бірге Атыраудағы турнирге қырғыз күресінің аңызы Ақжол Махмұдов та құрметті қонақ ретінде келіп, жастармен кездесу өткізді.