26 қарашадан бастап «Хабар» телеарнасында «Шашу» комедиялық телехикаясы көре...
"Хабар" арнасы Олимпиаданы тікелей эфирде көрсетеді
Токио Олимпиадасын қазақстандық жанкүйерлер Хабар телеарнасынан тікелей эфирде көре алады. Бұл туралы арнаның спорт жаңалықтары бөлімінің басшысы Асқат Жақаев мәлімдеді, деп хабарлады Vesti.kz.
"Біз спорт сайыстарын қазақстандық телеарнада көрсету туралы келісімге келдік. "Хабар" агенттігі үшін Олимпиада ойындары әркезде спорт әлеміндегі ең маңызды оқиғалардың санатына кіреді. Қазіргі таңда Олимпиаданы көрсетуге дайындалып жатырмыз. Қанша айтқанмен де біздің спортшыларымыз әлемдік аренада ел намысын қорғайды ғой. Телеарна бұған дейін бірде-бір мәрте Олимпиада ойындарын жіберіп алған жоқ. Қашан да маңызды сәттерді бірінші болып сүйіншілеп, оған ерекше мән беріп келді", - деді Асқат Жакаев NS радиосының "SPORT TIME" бағдарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев «Ашық диалог» сұхбатында трансляция жөнінде келіссөздердің әлі де жүріп жатқанын хабарлаған болатын. Ол бұл жердегі басты мақсат салық төлеушілердің ақшасын үнемдеу екенін айтты.
«Әрине, бізді халықты спорт мерекесінен айыратын болды деп айыптап жатқан шығар. Бірақ мұндағы жалғыз себеп - салық төлеушілердің ақшасын үнемдеп қалу ниеті ғана. Коммерциялық құпияға байланысты әзірге бағаны атай алмаймын. Бірақ бастапқы айтылған тарифке қарағанда түсіп келеді. Келіссөз жүріп жатыр. Жуық арада мәселе күн тәртібінен алынады деп ойлаймын», - деді Дәурен Абаев.
madeniportal.kz