Ішкі істер министрлігі жастар арасында бопсалаумен айналысқан бірнеше топ мүшелерін ұстады, деп хаба...
Әскерде басынан соққы алған Ербаян Мұхтар Еуропада емделетін болды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Әскерде белгісіз себептермен басынан ауыр соққы алып комада жатқан сарбаз емделуге Еуропаға аттанады, деп хабарлады madeniportal.kz Алаш ұлттық порталына сілтеме жасап.
«Жинап берген ақшаға емдетіп, баламның орнынан тұрғанын қалаймын. Үкіметтен де көмек сұрап, Ақмарал Әлназаровамен (денсаулық сақтау министрі) кездестік. Уәде берді, сол уәдесінде тұрса деймін», – дейді Ербаянның анасы Гүлсім Қамиева.
Ербаянның ата-анасына министр Әлназарова Еуропаға тасымалдау жағын қарастырып беремін деп уәде айтқан.
«Германияның клиникаларымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Ең мықты деген екі-үш клиника Ербаянды қабылдаймыз деп отыр. Халық жинап берген қаржының жартысы ұшақпен жеткізуге кетейін деп тұр. Мемлекет тарапынан жеткізу жағына көмек болмаса, қаржы тапшылығына байланысты емді аяғына дейін ала алмаймыз», - дейді Ербаянның әкесі.